На главную Новости Шымкента Общество Ақша таппақ болған мектеп оқушысы қолынан айырылды

Ақша таппақ болған мектеп оқушысы қолынан айырылды

Түркістан облысы Ордабасы ауданында 14 жастағы жасөпірім қыш зауытында жұмыс істеп жүріп, қолынан айырылды.

Оның жұмысқа кіріскеніне небәрі екі күн ғана болыпты. Жасөспіріммен бірге өзімен қатарлас тағы он шақты бала жұмысқа бірге барып жүрген. Мектеп оқушысының немен айналысып жүргенінен ата-анасы хабарсыз болған екен.

Қолсыз қалған баланың анасының айтуынша, оқиғаның орын алғанына 2 айдың жүзі өтсе де қыш зауытынан баланың жағдайын сұрап ешкім келмеген.

Бұл кадрларда Ерасыл Жұмабектің алғашқы жұмысқа бара жатқан күні. Сол күні тоғыз сағат жұмыс істеп қайтқан екен. Ал, екінші күні тек алдыңғы күнгі жұмыс ақысын алуға барыпты. Алайда, сол жақтағы бригадирлер ақыры келдіңдер ғой деп жұмысқа жегіп қойған көрінеді. Іске кіріскен Ерасыл құм майдалайтын құрылғыға топырақты бағыттап тұрған, сол сәтте жылдам істеңдер деп айқайлаған басшының дауысынан селк еткен ол станоктың үстіне құлап түскен.

Ерасыл ЖҰМАБЕК:«Өзім лентаға құладым. Лентамен қайда бара жатқанымды білмеймін. Кетіп бара жатыр едім. Кірдіда бытырлатып жатыр қолымды. Мына жағымды үзіп тастайды деп ойладым. Тартып қап ем жоқ боп кетті саусақтарым. Ішіндегі еті ағып кеткен. Қимылдатқым келеді бірақ ауырады. Қайтып колым шығып кетсе екен».

Жапа шеккен баланың анасы ұлының жұмысқа кеткенінен бей хабар болған. 5 баласы бар әйелдің Ерасыл тұңғышы.

Ұлының жағдайы туралы станок саусақтарын шауып түскеннен кейін дәрігерлер хабарласып айтыпты. Онда да баланың саусақтары жарамай, білегінен кесуге тура келген екен. Осыдан кейін кірпіш зауытынанмын деп әлдекімдер хабарласып, 500 мың теңге ұсыныпты.

Әйелдің айтуынша, егер оны алмасаң, 500 мыңға сотты, жарты млнға прокурорларды сатып алам деп айтқан екен. Онымен қоса, еңбек инспекциясынан да хабарласып, балаңызды айлыққа жұмыс істеді деп жазайық депті.

Тұрсынай АБУТАЛИПОВА, «Еңбек инспекциясына, прокуратураға, АІІБ—ге жаздым. Іс жай қимылдап жатқаннан кейін сіздерге жүгіндім. Прокуратураға хабарласып жауабын сұрасам АІіБ-да дейді. Оларға барып бер десем, еңбек инспекциясының екінші актсы келсін дейді. Онда да өзіме емес, адвокатқа берем дейді».

Зауытта бұған дейін жұмыс істеген тағы бір жасөспірімнің айтуынша, онда Ерасылдан бөлек, басқа да мектеп оқушылары болған екен. Тіпті қыздар да жұмыс істеген көрінеді. Оларды әлдебір әйел таң атысымен газельге салып жіберіп отырыпты. Онымен қоймай жасөспірімдердің әр күнгі табысынан өзіне 1000 мың теңгесін алып отырады екен.

Әділет ТӨРЕБЕКОВ, «Осы Шұбарсудан , Бадам ауылынан барды. Бір әйел бар аспаз. Қалғаны бәрі оқушы. Көбіне қыздар барады. Қыздар қыштарды қалайды.

Еңбек инспекциясындағылар Ерасылдың анасының сөзін жоққа шығарып отыр. Біздің мамандардың аузынан ондай сөз шығуы мүмкін емес деп ат-тонын ала қашты.

Оқиға орын алған кірпіш зауытының басшылығымен де хабарласып көрдік. Алғашында келісім берген олар кейіннен айнып шықты, тіпті олардан қандай да бір пікір алу мүмкін болмады. Осыдан екі ай бұрын орын алған оқыс оқиға бойынша әлі күнге дейін тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, Түркістан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:«Бұл жайт Ордабасы ауданының сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-терсеру тізіміне тіркелді. Қазір тергеушілермен ҚР ҚК 156-бабы Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Және де іс ЖШС-ті айыптау қортындысымен сотқа жолданады».

Қазір қыш зауытында күзетшіден басқа адам баласы жоқ. Еңбек инспекциясындағылар болған ожағдайдан соң зауыт иелеріне 180 мың теңгеден астам айыппұл салыпты.

Ал, жәбірленуші тарап болса, олардың ең болмаса хәл сұрап келмегеніне ренжулі. Олар Ерасылға жасанды қол қойдырып берсін деп талап қойып отыр.

Олжас Айдарбек

Exit mobile version