БАТПАҚҚА БАТАТЫН БОЛДЫҚ

120

jpgБіз Шымкент қаласынын турғындары Телмань бөлімшесіндегі Айбек көшесінде тұрамыз. Біздің көшеде 56 мектеп орналасқан. Осы көше арқылы басқа көшедегі САМАЛ-3 мөлтек ауданының балалары оқиды. Айтайын дегеніміз, Айбек көшесіне қиыршық тас төселген, жап-жақсы көше еді. Жаз ортасында ҚазТрансГаз Аймақтың жұмысшылары келді де, көшенің шетінен емес, дәл ортасынан қазып, шлангыларын көміп кетті.
Қазір көшенің шаңы шығып, топырағы бұрқырап жатыр. Күзде жаңбыр жауса, ми батпаққа айналары қах. Сонда газ мекемесіндегілер жақсы жолды бүлдіріп кете бере ме? Неге артынша тас төсеп кетпейді? Әлде өз жұмыстары бітсе болды ма? Бір үйден төрт бес баласы оқитындар бар., Бәтеңкелері батпақтан ажырап. Жыртылып жатса, газ басшылары сатып әперетін бе еді? Халықтың жағдайын ойламайтын өзімбілермендікке салынған бұл қандай сойқан мекеме? Құрметті Отырар TV-сы! Келіп, халықтың мұңын тыңдаңыздаршы! Сіздерді асыға күтеміз!

Бір топ тұрғындар атынан:
Сұлу Джунисова, көп балалы ана.
Айбек көшесі, 37 үй 45-22-08

 

Новости партнеров