Сайлауға кел халқым

290
Фото автора.
Фото автора.
Фото автора.

Сайлауға кел халқым,
Сайлансын ерің арысың.
Ердің ерін сайлағын,
Әлемге жетсін дауысың.
26 – сәуір Елбасын сайлау бәріміздің отбасымызға құт – береке әкелсін!
Мәңгілік еліміздің мәңгілік болашағына, өз болашағымызға өз үлестерімізді қосайық, сайлауға бір кісідей дауыс берейік.
Өркениетті, мәдениетті ел екендігімізді әлемге паш етейік!

Алдыңда арман межең тұр,
Асқақ асу кезең тұр.
Біліммен бірлік жеткізер,
Көкке жетпек төбең тұр.
Оян, халқым оянғын,
Болашаққа жол алдың.
Мәңілік елміз мәңігілік,
Қыраның қақсың қанатын.
Елдіктің шықтың қырына,
Бірліктің шыққын шыңына.
Шын бақытқа жетесің,
Ғаламның үңіл сырына.
Өз басым елбасы сайлауларына тұрақты дауыс беріп келемін.
Оны өлеңімненде байқауларыңызға болады.
10 – жылдық қарсаңында жазылған өлеңім.

Туып ед аспаныңда бір жұлдызың.
Ерте тұрып кеш жатып күнін көрген,
Қарапайым халықтың бірімін мен.
Тыңда мейлі тыңдама қалың елім,
Қазағым тағдырым бір өзіңменен.

Көгергенін қалаған аз – ақ елдің,
Отаншыл от жүректі қазақ едім.
Кезеңде ел бірлігі алаңдатқан,
Барыма байтағыма көз жібердім.

Қазақек көш бастаған ерлікпенен,
Билік қуып айырған тендікті елден.
Жүгіресің баладай отпен ойнап,
Өрт шығарсаң не пайда өкінгеннен.
Сәйгүлігін мініп ап салтанаттың,
Ойланбай қабын жарып қанағаттың.
Тоба қылмай тоқтыққа тақ құмар боп,
Қайда кетіп ерлерім бара жатсың.
Тақ құмар бақ құмарлар кешегі өткен,
Ойланбай елдің қамын мешеу еткен.
Қалғанда әл – ауқатын ел көтеріп,
Тағыда бұздыма елді шенмен – шекпен.

Бұхар болып, Абайша сөз саптаған,
Ұланыңның сөзін ұқ қайт – қайттаған.
Енгенде елге бөтен билік жүйе,
Қойсаңшы мінезіңді айтақтаған.

Туып ед аспаныңда бір жұлдызың,
Етегін шапанының тілгіледің.
Бөлініп партияға бөлектеніп,
Санасын шатпақтадың іргелі елдің.
Баршаңа бақыт іздеп Нұрсұлтаның,
Үстінде түлеп ұшты ғаламшардың.
Миллиардтатарға тәуелді біз миллионбыз,
Осыныда ел – жұртым ұмытпағын.

Қазақ деп жүгірсеңдер Нұрсұлтандай,
Болмас ед мемлекет біздерден бай.
Не үміт, не қайыр деп ойлап қалам,
Байқасам ниетіңді бауырларай.

Би болған басбасыңа өңшең шіркін,
Бұзбаңдар өсекпенен елдің шырқын.
Тұрғанда ел тағдыры қыл үстінде,
Осыдан қайда едіңдер 10 – жыл бұрын.

Қасында өстің бәрің Нұрсұлтанның,
Мал жидың ойлаған боп елдің қамын.
Кезіңде болып толған ары тұр деп,
Басына базарыңның ұмтылғансың.
Кезекке тұрғандайсың жалғыз таққа,
Құл болып есіңді алған қу мансапқа.
Төле, Қазбек, Әйтеке тақ қумай – ақ,
Жеттіғой ел арманы ұлылыққа.

Дана болсаң үйреткін білгеніңді,
Дәлелде қазақ болып жүргеніңді.
Ер болсаң сақтай білгін елдігіңді,
Бай болсаң желе жетім – жесіріңді.

Тұрғанда өзбек ауып, тәжік қажып,
Түркімен сақтанғанда газын сатып.
Қырғызың тұрған кезде, қыр аса алмай,
Нұрсұлтан болып тұрғой елге азық.

Кетпейік бұдан әрі майдаланып,
Ел болмасақ оңамыз қайда барып.
Арылып надандықтан жамандықтан,
Төсінде кең даланың жайқалалық.
Теңесті жүйрігіміз озған елмен,
Жарасты достығымыз көршілермен.
Қазақтың шартарапқа аты мәлім,
Күн сайын көтерілген деңгейінен.
Жасайық жетістікке шүкіршілік,
Көңілден аулақтасын күпіршілік.
Болмайық досқа күлкі қасқа таба,
Қазаққа бақ силасын бұл мыңжылдық.

Елімнің егеменді 10 – жылдығы,
Әлі жас мектебімнің оқушысы.
20–да азаматым елге қорған,
30–да тасып толад Орда бұзған.

Қаламыз бой көтерді Астанадай,
Жиналды бүкіл түркі Түркістанғай.
Бергеніңнен жаңылма жаратқаным,
Сақтайгөр бар бәледен бізді құдай.

Мәңгілік елімізге ғаламдану келгенде, 21–шы ғасыр ақыл – ой бәсеке ғасыры болмақ деген. Бүткіл тіршілік атаулыны құрдымға жіберер жаппай қарулануға қарсы қарусыздану саясатын дүние жүзінде кемеңгерлікпен жүргізе отырып, халықтар достығы идеясын көтерген, Республикамызды рухани, ғылыми, саяси, экономикалық табыстарға жеткізген, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салған нұрлы жолы, болашақта барша әлем мойындаған бірден бір жол болатынына сенемін.

Желбіреткен туыңды,
Ұшырған қыран құсыңды.
Көзін ашқан бұлақтың,
Теңіз етер суыңды.
Елдігіңді сақтаған,
Ұлт бірлігін жақтаған.
Асылыңды ардақтап,
Тұлпарыңды баптаған.

Көкпарыңда нарықтың,
Додасында алыптың.
Олжа салған Нұрсұлтан,
Нағыз қазақ ер туған.
Қаруын атом таптаған,
Апаттан жерді сақтаған.
Ақылмен жауын жасқаған,
Әлемнің көшін бастап тұр,
Нұрсұлтанмен Астанаң.
Керейменен Жәнібек,
Қайта тіккен байрағың.
Есім, Қасым, Әз Тәуке,
Әділетті байламың.
Хан Абылай шапқан жол,
Болашаққа өткелің.
Нұрсұлтан салған нұрлы жол
Болашаққа жеткенің.
Мың алғыс Әбішұлы Нұрсұлтанға,
Озықтығын көрсетті саясатта.
Әлемдік деңгейдегі салған жолы,
Қарсы тұрад жағдаймен уақытқа.
Жеткізер болашаққа жердің шарын,
Нұрлы жол салған жолы Нұрсұлтанның.
Миллионыңды миллиярдттар мойындауда,
Қыраның көкте қанат қаққан сайын.

Автор: Тәліпбек Арыстанбек.

Новости партнеров