Өздеріңізге белгілі, 2019 жылдың қараша айында облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының Түркістан қаласын газдандыруға қатысты барлық күрделі мәселелерді қатаң бақылауға алып, қала тұрғындарымен келуші қонақтарға қолайлы жағдай жасауды жеке тапсырған болатын.
Газдандыруға қатысты құрылыс жұмыстарының сапасы мен тұрғындарға тиімді болатын шараларды қабылдау үшін менің басшылығыммен апта сайын мердігер мекемелер, сондай-ақ қаланы газдандыру мәселесіне жауапты барлық тұлғалармен жиындар тұрақты түрде өткізілді.
Нәтижесінде, 2019 жылы желтоқсан айында қала тұрғындарының 10 %-ғана газ пайдаланған болса, қазіргі таңда 60 % қала тұрғындары өз үйлерінде сұйық отынды пайдалануда. Қуанышты жәйт, қаланың барлық тұрғындары 100% -ға газ желілеріне қосылуға мүмкіншілікке ие болды.
Алайда, кейбір жер телімдері уақтылы тіркелмегендіктен 380 абонент алдыңғы жобалардың жасалу барысында есепке алынбаған. Қазіргі уақытта осы абоненттерді қосу үшін Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Бұл мәселелерде алдағы уақытта тиісті шешімін табады.
Табиғи газға қосылуды жеделтету және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында «ҚазТрансГаз» АҚ Түркістан облыстық филиалымен бірлесе жұмыс жасалып, абоненттердің газға қосылу туралы өтініштерін қарау осыған дейін 1 айға жуық мерзімді құраса, бүгінде 2 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Сондай-ақ әрбір тұрғын үйге табиғи газға қосылу үшін жұмыстар ақысы бұдан алдын 250-350 мың теңге арасында болса, енді 85 000 теңгеге дейін төмендетілді.
Осы орайда, қала тұрғындарына көгілдір отынның қолжетімді болғандығымен құттықтай отырып, газға қосылмаған тұрғындарын және кәсіпкерлік нысандарын қазіргі жасалған мүмкіншілікті пайдаланып, қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, тұрмысқа қолайлы жағдай жасау үшін табиғи газды пайдалануға шақырамын.