15 апреля в честь праздника всех влюбленных, редакция сайта OTYRAR объявила призера за лучшую историю любви. Победитель вместе со своей возлюбленной поужинали в ресторане Аtlas.
Все истории любви были по своему интересны и трогательны. Мы обещали, что лучшие будут опубликованы. Это письмо было среди первых и оно поразило нас своей нетипичностью. Её героиня столкнулась с маниакальным типом обожателя.
«Саламатсыздар ма Отырар телеарнасы!
Сіздердің инстаграм парақшаларыңыздан хабарландыру көріп жазып отырған едім. 15 ші сәуір Қозы-Көрпеш Баян Сұлу күніне арналған. Өзімнің тусініксіз,өзіме ауыр тиетін махаббат хикаяммен бөліскім келді. Иә,дұрыс айтқансыздар махаббат біреуге керемет бақыт әкелсе,кейде махаббат адамдарға жан жаралайтын естелік қалдырып жатады. Аты-жөнімді жасырын ұстауды жөн деп санап отырмын.
Мендегі махаббат оқиғасы 2007 жылы көктем айында,2 ші курс оқып жүргенімде басталған.
Сабақтан соң үйге келіп демалып жатқанымда,бейтаныс номерден 2-3 рет (гудок) қоңырау түседі. Ол кезде тегін тариф деген жоқ.Кері звондауға единицамды қимадым ба,білмеймін қырсығып жата бердім,керек адам өзі звондайды деп.
Сәлден соң ойландым мүмкін бір қиын ситуацияға түсіп қалған достарым,таныстарым шығар деп 15 минуттан соң қайта телефон соқтым сол номерге.
-Алло,бұл кім екен маған қайта-қайта звондап гудок тастап жатқан?
-Алло,сен кімсің? деп дөрекі жауап берді
-Сенің ӘЖЕҢМІН арғы жақтағы!!! деп мен де ашуланып жауап бердім де трубканы лақтыра салдым.
Сәлден соң әлгі номер қайтадан маған звондап.
-Алло,саламатсыз ба?Сізбен танысуға болады ма?
-ЖОҚ,БОЛМАЙДЫ! Сен не мені мазақ қылып отырмысың?
Деп ашуланып екеуміз телефонда қатты ұрысып қалдық.
Сәл уақыт өткен соң,әлгі номер қайта звондап кешірім сұрап,оның телефонын көшеде бір жігіттің сұрап звондап алуын өтінгенін айтып,мен трубканы көтермей қойған соң кетіп қалғанын түсіндіріп айтады. Сөйтіп бізде телефон арқылы танысу мен махаббат басталады!
3 ай бойы тек телефон арқылы сөйлесіп жүрдік.Бірақ ол жігіт кездесу туралы айта қоймайтын. Амал жоқ,жігіттен нақты қадам болмаған соң,өзім шақырайын дедім.Сонымен кездесетін болып келістік,бірақ ол адасып қалдым деп сылтауратып кездесуге келмеді. Ашуланып,болды енді звондап,мазалама деп сөйлеспей қойдым. Біраз уақыт жасырын номермен звондап жүрді көтермейтінмін. Бір қыздан кішкентай сувенир беріп жібергені есімде. Бірақ ол қыз ештеңе деместен қолыма ұстатты да кетіп қалған.
Араға 1 жыл салып,жаңа номеріме тағы жасырын номер түсті,көтерсем МУЗАРТТЫҢ «Ол көктем оралмайды» деген әнін қойып қойған ,сағындым ба білмеймін,көзімнен жас тамшылап үнсіз тыңдап тұра бердім. Ол да үнсіз,мен де үнсіз,сосын барып өзім бірінші болып:
-Мен сені біліп тұрмын кім екеніңді… Неге звондап тұрсың?деп суық сөйледім.
-Сенің жағдайыңды білгім келді…Номеріңді іздеп әрең таптым…
-Енді маған хабарласпай ақ қой! Дедім
-Бәрі басқаша болады!Мен сені жақсы көріп қалдым! Сенші! деп айтқан соң қайта сөйлесіп кеттік.
-Қазір мен Атыраудамын.Жұмыс жасап жатырмын, 3 айдан соң қайтамын!
Сол күннен бастап екеумізде ұйқысыз күндер,түндер өтті. 3ай да зымырап өтті.Келесің ба Шымкентке десем,тағы сылтау айтып,қайтадан ұрысып қалдық. Мен қайтадан номер ауыстырып, студентпін, ата-анам 1 бөлмелі үй алып беріп бөлек өзім тұрдым. Арада тағы 1 жыл өтті. Қайтадан бейтаныс бір номер түсті.
-Алло,қалайсың?
-Жақсы рахмет!
-Таныдың ба?
-Ия,не болып қалды?
-Мен саған барлық шындықты айтып беремін!
(Мен тыңдап тұра бердім)
-Мен балалар үйінде өскенмін,ол жақтан кетіп қалдым. Мен өзімнің кім екенімді,қайдан шыққанымды білмеймін! Мен ешкімге керек емес адаммын! Мен мусормын! Ал сен жақсы жердің қызысың! Мені менсінбей,тастап кетесің бе деп қорқамын! Сені жоғалтып алғым келмейді,өйткені МЕНДЕ БҰЛ ӨМІРДЕ ТЕК СЕН ҒАНА БАРСЫҢ! -деп қатты жылап телефонды қоя салды.
Мен де жылап алдым… Неге бұл маған келе алмайтынын түсінгендей болдым.
Екеуміз қайта сөйлесіп кеттік,көмектесейін,жолығайық,кездесейік,инвалид болсаң да кел десем үндемей жылап тұратын. Бір күні қайтадан оны көндіріп кездесуге шақырдым.
Далада қатты жауын,кешкі сағат 8 де, аллеяда отырмын скамейкада.Телефоныма әлгі жігіт звондап,аллеяда мені көріп тұрғанын,бірақ жаныма келуге қорқатынын,аяқтарының қалтырап тұрғанын айтып,үйге кіруімді сұрады. Жаңбыр жауып тұрғанына қарамастан,жаурасам да қалтырап мен де отыра бердім,мүмкін жаны ашып келіп қалар деп.Сосын жаңбырмен қосылып мен де жыладым.Тағы келмеді.
Үйіме келдім де оранып ұйықтап кеттім. Ертесіне азанымен звондады.Бірақ дауысым шықпай қалған, ауырып жаттым қатты температурам көтеріліп.
Дауысымды естіп,сәлден соң хабарласатынын айтты да қоя салды.Сәлден соң қайта звондап есігімді ашуын сұрады.Орнымнан атып тұрып,глазоктан қарасам ешкім жоқ. Есікті жайлап ашып қарасам есіктің сыртқы тұтқасында пакет ілініп тұр,іші толған дәрі-дәрмек.
Алдым да есігімді жауып,әкелген дәрілерін ішіп алып қайта жаттым. Телефонмен сөйлесіп менің уақытымды алмауын,енді мазаламауын сұрадым.Менің денсаулығыма кері әсерін беріп жатқанын айтып түсіндірдім.
Ертесіне таңғы сағат 7 де,дала қараңғылау,универге есігімді жауып,подьезден шыққаным сол
«пах мына иісті ай» деген смс келеді.Қорқып кетіп артыма қарасам ешкім жоқ.Қорыққанымнан тез остановкаға жүріп кеттім. Маршрутка мініп,азанда студенттер көп сығылысып тұратынбыз.Универдің алдынан түскенім сол «шаштарыңның иісі қандай әдемі» деген смс қайта келді. Денем селк етіп қайта бұрылып артыма қарадым,құжынаған адамның бәріне қарап шығу мүмкін емес болды. Универге кіргенім сол тағы 3 ші смс келді «бетіңдегі қалдарың өте көп екен» деген. Бір жағынан қорқынышты әрине,бірақ сол уақытта жас болдым ба қатты көңіл аудармаймын деп шештім. 1 ші этажда тұратынмын,тереземде решеткалар,маскитная сеткалар болған соң жаздың күндері ауа кірсін деп ашып қоятынмын.
Бір күні түнгі сағат 10 дардың кезінде тереземнің түбінде біреудің жүргенін естідім. Сөйтіп,қорықпастан терезенің түбіне келіп тұрдым, диваныма барып жайғасып ,лакты алып тырнағымды бояп отырып:
-Диас (өзін Диаспын деп айтатын) бұл сенсің ба? Мен біліп тұрмын сен екеніңді,хотя бы онда осылай сөйлесейік- деп әңгімеге тартып көрдім.
Бір кезде смс келді (күлген смайликпен )«қалай біліп қойдың?»деген
Денем тітіркенді,бірақ сонда да қорықпастан мен де отыра бердім. Бір кезде дыбыс шықпай қалды,кетіп қалғанын түсіндім. Осылай жылда қайталанып,соңғы рет 2018 жылы маған жігітіммен отырғанда хабарласып,қатты ұрысып тастағанмын,сол кезде жүріп жүрген жігітімді сырттай танитынын айтып қалды,жақсы жігіт деп. Бақытты болыңдар деп. Мен де қатты ауыр сөздер айтып тастаған болатынмын. Солай 2007 ден 2018 ші жылға дейін ол жігіт мені айналшықтап, соц.сеттерден де, кім біледі мүмкін сыртымнан да бақылап жүрген. Мүмкін қазір де бар шығар….
Бұл махаббат па?
Жоқ әлде маньякқа тап болдым ба?
Осы сұрақтар көп мазалайды…»