«Когда девушка старше, родители не принимали»: о разнице в возрасте и силе любви

552

Еще одна история от нашего читателя Бакдаулета Анарбека тронула нас до глубины души. Парень рассказывает о невероятных чувствах к девушке, которая старше его на 5 лет.

И даже если разница небольшая, молодые столкнулись с самым сложным препятствием- родители были против. Чем закончилась история, читайте далее.

Махаббат – адам баласының жан дүниесіндегі ең ұлы сезім. Оны суреттеу де, сөзбен жеткізу де мүмкін емес. Махаббаттың жолында «мен өлмеймін» дейтіндер құрбан болып, «мен сүймеймін» дейтіндер сүйіп кеткен. Оған дәлел Қозы Көрпеш Баян сұлу хикаясы.

«Осыдан 7 жыл бұрын Қарағанды қаласына оқуға түскен болатынмын. Лекцияда отырған кезде бір керемет жанға көзім түсті, ақырын жақындап бірден, тіл табысып, сөйлесіп кеттік. Сол сәтте өзімнің болашақ жарымды тапқандай сезім болды(бейнесі тым жарқын) Алайда ол арудың жасы менен 5 жасқа үлкен болып шықты(кейіннен білдім).

Өзім тік мінезді қатал, оңтүстіктің жігіті болатынмын, кіші кезімнен өңірімнің менталитеті бұндай жас айырмашылыққа жол бермейтіндей өсірген. Мен үшін жас ерекшелік маңызды екенін түсіндіріп жарты жылдай сөйлеспей қойдық. Қасымдағы жолдастарымда болмайтынын, ертеңгі күні ыңғайсыздық туатынын айтып қоймаған болатын.

Бірақ ешнәрсеге мойынсұнбай сөйлесуді жалғастырдық. Ол адам мұз құрсаған жүрегімді жан жылуымен жібіткен күндей, мен үшін ерекше болып кетті. Арада 3 жыл сала үйленейік деп шешіп, әке- шешемізге жағдайды жеткіздік. Өкінішке орай олар екі жақ та түбегейлі қарсы болды.

Әлем оқу ғимараты болса, бізге берілетін сабақ махаббат болар еді. Махаббатымыз 3 жылға ұласқан, бір бірімізге бауыр басып қалған соң соңына дейін баруды жөн көрдік. Себебі осы уақытқа дейін бір біріміздің мінезімізді, мәнерімізді, ерекше қимыл қозғалыстарымызды жаттап алғандай болдық(ғашық болдық).

Махаббатымызды жайқалған баққа теңеп, сол бақтың көркеюіне екі жақтап ат салыстық . ҚР заңды және мұсылмандық некеге тұрып, басқа қалаға ат басын бұрдық, кейіннен(2-3 айдай) үй ішімізде түсініп, дұрыс қабылдап, той шараларын жасасып құдаласты. Қазір бақыттымыз, ұлымыз дүниеге келді».

Уважаемый Бакдаулет, спасибо вам за историю. В ней полно разных чувств: безграничная любовь, безысходность, разочарование, смелость и целеустремленность. Мы желаем вам пройти по жизненному пути рука об руку с вашей любимой».

Реклама