полиция Абай

Полицейские Туркестанской области отметили 175-летие великого Абая, исполнив песни.

Кроме того полицейские прочитали Слова назидания.

Түркістандық полицейлер Абайға арнап ән орындадыҮкіметтің қаулысымен 10 тамыз қазақтың ақыны Абай Құнанбаевтың құрметіне "Абай күні" болып жарияланды. Айтулы күн мемлекетіміздің мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Демек ақиық ақынның шығармашылығын, қалдырған құнды жазбаларын ұрпақтан ұрпаққа дәстүрлі түрде жеткізіп, жыл сайын атап өтуге керемет мүмкіндік берілді. Мұндай мүмкіндікті Түркістан облысының полицейлері де жіберіп алмады. Ақынның өлеңдерін сүйіп оқитын полиция қызметкерлері көпшілікке кеңінен танымал "Көзімнің қарасы" әнін шырқады. Олар Абайға деген сағынышты сезіне отырып, өлеңді жүрекпен орындады. Бұдан бөлек облыстық полицейлер Абай күніне тарту ретінде оның қара сөздері мен шығармашылығынан үзінділер оқып, көпшілікке ұсынған. Формадағы сақшылар ұлы кемеңгерге деген құрметін осылайша көрсетті. Жалпы әлемнің көптеген елдерінде ақынға арнап қойылған ескерткіштер мен мүсіндер бар. Мәселен, Қытай, Ресей, Франция, Беларусия мен Өзбекстан елдерінде ұлы ағартушыға арналған ескерткіштер қойылған. Тіпті елімізде жеңіл автокөлік те мерекелік коллекциямен Абайдың 175 жылдық тойына арналып құрастырылған. Айта берсек тізбектеп, тауыса алмаспыз. Сондықтан қазақ халқының жазба әдебиетінің негізін салған ақын Абай күні мерекесі баршамызға құтты болсын! Абай мұрасы мәңгілік жасасын. Полиция кз

Опубликовано Түркістаном Облысының Полиция Департаменті Воскресенье, 9 августа 2020 г.